Русский Сайттың толық нұсқасы

Іздеуде жүрген кәсіпкер Талғат Ақуов ұсталды

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2018
  • 2408

Алматыда аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Талғат Ақуов Қарағандыда ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаменті өкілдері мәлімдеді. Талғат Ақуов 2000 жылдары кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын ең белсенді ұйымдарды басқарған. Құрамына 2 мыңнан астам кәсіпкер кіретін тәуелсіз ұйымның атынан заңнамалық өзгерістерге ат салысып, БАҚ беттерінде жиі сұқбат беретін. Алайда 2014 жылы оны Николай Кан атты азамат айыптап, полицияға шағым түсірген. Арызданушы 46 млн теңгені қайтаруды талап етіп, экономикалық сотқа шағым түсірген. Оның айтуынша, Талғат Ақуов бұл қаржыны Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығын дамыту үшін алған.  Бірақ күдікті сол сәттен бастап бой тасалайды. Төрт жыл іздеуде болған кәсіпкерге Қылмыстық кодекстің 190 бабы, 4 тармағы, яғни аса ірі көлемде алаяқтыққа барды деген айып тағылды. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Ақша құйсаңыз, ол соммаңыз бірнеше есе боп қайтады деп әлек айтқан. Нәтижесінде олардың сеніміне кірген. Азматтар қомақты сомма салып, ақырында еш үлес алмаған.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ