Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы айыппұл төлеп бостандыққа шығады

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2018
  • 2490

Бір жыл бұрын қызметін асыра пайдаланғаны үшін 7 жылға сотталған Ақтөбе облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы 355 мың теңге айыппұл төлеп, бостандыққа шығады. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Өңірдің бұрынғы бас спортшысының өтінішін сот қанағаттандырған.

Анар Айтжанова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

Ақтөбе қаласының номері екінші сотының 2018 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен, сотталған Маханов Ескендірбек Шамилұлының жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсағырақ түрімен ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды. ҚР ҚК 73 бабының 1,2,3 бөлігіне сәйкес, Махановқа қатысты 2017 жылғы 26 мамырдағы үкімімен тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген бөлігі 355 339 теңге көлеміндегі айыппұл жазасына ауыстырылды.

Естеріңізде болса, спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Маханов «Ақтөбе» футбол клубының экс-директоры Дмитрий Васильевпен бірге ойыншыларға 240 миллион теңгені сыйақы ретінде заңсыз бөлгендері үшін айыпталған еді. Кейін апелляциялық инстанция Махановтың жазасын 3 жылға дейін қысқартты. Ал 8 жыл арқалаған Васильевтікі алдымен 7 жыл бостандығынан шектеу жазасына өзгертіліп, осы жылдың ақпан айында Жоғарғы сот оны толығымен ақтады.