Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар дәрі-дәрмекпен қамтылды

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2018
  • 2572

Батыс Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандарға дәрі-дәрмек не себепті уақытында жеткізілмеді? Мұны Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы комиссиясы анықтайтын болады. Бүгін ведомствоның Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова осылай деді. Мониторинг жасайтын топ мәселенің анық-қанығын тексерумен қатар, әрбір науқастың дәрі-дәрмекті алуын қадағалап, оған көз жеткізбек. Биыл Батыс өңіріндегі қант диабетімен ауыратындарға 34 млн теңгеге дәрі-дәрмек алынған. Мамандар қазір аймақта дәрі, тест-жолақтар мен помпалар тапшылығы жойылды деп отыр.

Берік Шәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары:

Қант диабетіне шалдыққан пациенттерді емдеуге препараттарға қатысты айтсақ, бүгінде облысқа ересектер мен балаларды емдеу үшін инсулиннің 17 атауы келіп түсті. Сондай-ақ облысқа 3 млн теңге сомаға стационарлық және амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін қандағы қант құрамын айқындауға арналған тест-жолақтарының денсаулық сақтау бақармасы тапсырыс берген барлық көлемі келіп түскен.

Бұған дейін облыста диабетке шалдыққан балалардың дәріден тарыққанын хабарлаған едік. Әкімдікке барған ата-аналарының айтуынша, инсулин мен өзге де препараттар желтоқсан айынан бері берілмеген.