Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бірлік» партиясы Атырау өңірінде үгіт-насихат жүргізуде

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2016
  • 2281

«Бірлік» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен Атырау өңіріне келіп жетті. Партия мүшелері аймақтың экологиялық жай-күйімен танысудан бастады. Сондықтан облыстағы өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындарды аралап шықты.

Мұнайлы өлке - еліміздегі өндіріс ошақтары ең көп шоғырланған аймақтардың бірі. Сондықтан мұнда қоршаған ортаның ластануы қай кезде де өткір мәселе болып келгені белгілі. Осы ретте Атырау аймағындағы тұрғындарға «Бірлік» партиясының сайлауалды тұғырнамасы да таныстырылды. Егер аймақ тұрғындары аталмыш партияның кандидаттарын қолдар болса, мұндағы біршама экологиялық мәселелер түйінін таппақ. Қоршаған ортаны ластайтын зиянды қалдықтарды азайту үшін, өндіріс орындары жаңа технологияларды қолдану керек. Бұл мәселеге жіті көңіл бөлген «Бірлік» партиясының өкілдері дүйім жұртты табиғатқа жанашырлық танытуға шақырды.

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы:

Тазалық жағы, экология жағы. Бүкіл дүниеде оған көп көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан осындай жүргізіліп жатқан жұмыстар өте керек бізге.

Ардабай Қосаев, «Бірлік» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Атырау облысы бойынша көптеген жұмыстар барлау-бұрғылау, мұнай алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған көптеген компаниялар тартылған. Осылардың көбі бүгінгі күні экологиялық талаптарды сақтай бермейді. Таза жұмыс жасалынбайды.

Құралай ПИОНЕР