Русский Сайттың толық нұсқасы

«Серпін» бағдарламасының түлектеріне «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасында көрсетілетін жеңілдіктер беріледі

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2018
  • 5758

"Серпін" бағдарламасымен білім алғандарды солтүстік аймақтарда қалдыру үшін "Нәтижелі жұмыспен қамту" бағдарламасында көрсетілген жеңілдіктері беріледі. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары мәлімдеді. Қазір солтүстік өңірдегі жұмыс берушілерді де ынталандыру үшін қызу жұмыс жүріп жатқан көрінеді. Бұл бағдарламамен білім алған бір түлекті қабылдау үшін кәсіпорынға 1 миллион теңге берілмек. Ал жұмыс берушілер олардың тұрғын үй мәселесін шешіп беруі тиіс. Өз бетінше қызметте қалғандар да баспанасыз қалмайды.

Ерболат Абулхатин, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департамент директорының орынбасары:

Үймен қамту мәселесін шешу үшін мемлекет 1 жыл ішінде осы үйді жалдауға не коммуналды шығынды төлеуге 1 жыл ішінде арнайы субсидия төлейді. Ол субсидия диференциалды, ауылды жерде тұрса 15 АЕК, қалалық жерде қымбат болған соң 30 АЕК мемлекеттен субсидия алып отырады.

Ауылды жерде жұмысқа қалғандар ай сайын берілетін 15 АЕК көмекті біржола алып, басыбайлы баспана сатып алуына мүмкіндік берілетінін атап өтті. Биыл солтүстікте бұл бағдарламамен білім алған көп студент оқу бітірмек.