Русский Сайттың толық нұсқасы

Зырян ауданында құтқару шаралары кезінде әкім орынбасары мерт бола жаздады

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2018
  • 2001

Ал шығыстағы Аягөз, Шемонаиха, Зырян аудандары мен  Семей қаласында жағдай әлі де тұрақталған жоқ. Бұқтырма өзенінде шұғыл мұз жару шаралары жүріп жатыр.  316 үй мен 185 аула су астында қалған. Апаттан құтқару бойынша жедел әрекеттер тынымсыз жүргізіліп жатыр. Оған 500 адам мен 100-ден аса техника тартылған. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру барысында Малеевск селосында оқыс жағдай болды. Ішінде бірнеше адамы бар  "Нива" көлігін буырқанған өзен су ағызып әкеткен. Автокөлікте Зырян ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова мен тағы үш адам болған. Абырой болғанда, олар дер кезінде құтқарылды. Қазір Зырянда шығын көлемін есептеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.