Русский Сайттың толық нұсқасы

Вашингтон жаңа сауда шектеулерін енгізетін болса, Қытай тура сондай жауап қайтармақ

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2018
  • 2298

Вашингтон жаңа сауда шектеулерін енгізетін болса, Қытай тура сондай жауап қайтаратын болады. АҚШ-тағы Қытай елшісі Цуй Тянькай CCTV телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Рейтерс. АҚШ 23-ші наурыздан бастап болат пен алюминийді әкелгені үшін салынатын баж салығын көтерді. Ал бұл металлдарды АҚШ-қа негізінен Қытай жеткізеді. Демек, болатқа 25 пайыз, алюминийге 10 пайыз үстеме төлейтін болады. Қытай дипломаты, АҚШ мұнысымен тоқтамаса, Қытай билігі қарсы жауап қайтаратынын мәлімдеді. Бұған дейін Пекиннің 128 америкалық тауарға қарымта баж салығын енгізбек болғанын хабарлаған едік. Енді жеміс-жидек тасымалдауға 15 пайыз, шошқа етіне 25 пайыз төлем алынбақ. Бірақ Вашингтон Қытайдың бұл әдісін "әділетсіз" деп танып, ол АҚШ Ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп мәлімдеді.