Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысының дәріханаларында психотропты препараттар заңсыз сатылған

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2018
  • 2463

Қарағанды облысындағы дәріханаларда психотропты препараттар бей-берекет сатылған. Ал емдеу мекемелері ондай дәрілерді алушыларға рецептілерді заңсыз босатқан. Небәрі 1 аптаның ішінде аймақтағы 17 мекемеден осындай фактлер анықталды. «Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында 40 шақты заң бұзушылық тіркелген. Мұндай сорақылықтарға Қарағанды, Теміртау, Жезқазған мен Сәтпаев қалаларындағы дәріханалар мен медициналық мекемелер жол берген. Полицейлердің айтуынша, олардың наркотикалық және психотроптық заттар мен дәрі-дәрмектер сатуға рұқсат беретін лицензиялары бар. Алайда, бұл препараттар арнайы рецептімен ғана босатылуы тиіс. 

Жанатай Сембеков, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі:

ҚР ҚК 296 бабына сәйкес, яғни «заңсыз есірткі заттарын сату және оны сақтау» бойынша, 11 факт анықталып, тергеуге дейінгі амалдар жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылатын болады.