Русский Сайттың толық нұсқасы

Альварес Головкинмен өтетін реванштан бас тартты

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2018
  • 2361

"Канело" Головкинге қарсы реванш өткізбейтін болды. Бұл туралы Golden Boy промоутерлік компаниясы өткізген баспасөз жиынында айтылды. Vesti.kz порталы хабарлағандай, мұндай шешім допинг дауына байланысты қабылданған.  Ақпан айында мексикандықтың қанынан тиым салынған препарат қалдықтары табылған. Бұл іс бойынша Невада штаты атлетикалық комиссиясының отырысы 18-ші сәуірге белгіленді. Ал Геннадий Головкин 5-ші мамыр күні Лас-Вегаста жекпе жек өткізетінін мәлімдеді. Тек, басқа қарсылас іздеуіне тура келеді. Үміткерлер арасында бірқатар атақты боксшылармен қатар мексикандық Хильберто Рамирес пен кіші Хулио Сезар Чавес бар. Қос боксшы арасындағы алғашқы кездесу 16-шы қыркүйекте өтіп, тең аяқталған.