Русский Сайттың толық нұсқасы

Винченсо Нибали маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2016
  • 1167

«Астана» велокомандасы сапында өнер көрсететін Винченсо Нибали маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті. Италиялық «Оман туры» көпкүндігінде топ жарды. Жарыс барысында 21-інші болған шабандоз, ақтық айналымның төртінші сатысында алға ұмтылып, көшбасшылықты сақтай алды. Нибали 2012-ші жылы дәл осы жарыста Петер Велицаға бір секунд ұтылып, бас жүлдеге  сәл ғана жетпей қалған-ды. Екінші орын француз Ромен Барденің еншісінде, үштікті «Астана» командасының тағы бір өкілі - Якоб Фульсанг - қорытындылады.