Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 812 ғимарат тектоникалық жарық аумағында орналасқан

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2018
  • 3612

Алматыда 812 ғимарат қауіпті жерде орналасқан. Оларды зілзала жұтып кетуі мүмкін. Өйткені жер қыртысындағы алып тақталардың түйіскен тұсында тұр. Бұл туралы қазақ құрылыс сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институтының өкілдері айтты. Мамандар аумақта визуалды зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нысандардың барлығы өткен ғасырда тұрғызылғандығы анықталыпты.

Ералы Шоқпаров, Қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының өндіріс жөніндегі директоры:

Бұл ғимараттар, үйлер 50-60-шы жылдары салынған үйлер. Жаңадан салынған үйлер жоқ оның ішінде. Жаңадан салынған үйлер бүгінгі таңда құрылыс нормаларына сәйкес салынады. Бұл сол кездегі құрылыс нормаларына сәйкес салынған. Бүгінгі таңда құрылыс нормаларына көптеген өзгерістер енгізілді. Сондықтан біз бұл құрылымдардың санына қарағанда, мысалға, құрылыс конструкцияларын, неден, қалай салынғандығы сол тұрғыда зерттедік.