Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда ресейлік нөмірмен жүрген көліктерді тексеру күшейді

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2018
  • 2639

Биыл Батыс Қазақстанда ресейлік нөмірмен жүрген көліктердің қатысуымен тоқсаннан астам жол апаты тіркелген. Полицейлер оларды тексеруді күшейтті. Дегенмен, бұл көліктер полицияның мәліметтер базасында тіркелмегендіктен, сақшылар жұмысын қиындатып отыр. Қазір облыста ресейлік нөмірмен жүрген көліктердің саны қанша екені белгісіз. Әзірге полицейлер жол ережесін бұзғандарды ғана тоқтатып жатыр. Егер құжатында кінәрат болса, бірден айыптұраққа жөнелтіледі.

Арман Дүйсекенов, БҚО ІІД ЖПҚ бөлімше бастығы:

Ресейден сатып алған көлігін сол жақтың тіркеуінен шығарған азаматтар Оралда тіркетпейді. Жалған нөмір тағып жүретіндері де бар. Сондықтан осы көліктерді жіті тексеруге кірістік. Күні бүгін осындай 500 машинаны анықтап беру үшін, Ресей Федерациясына хат жолдадық.