Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ-қырғыз шекарасында пара бергендер ұсталды

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2018
  • 2631

Шекара шебіндегі құрықтау. Қазақ-қырғыз шекарасында "заңсыз мал айдап өту үшін пара берді" деген күдікпен 6 адам ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бюросының аймақтағы департаменті өкілдері айтты. Оқиға Меркі ауданының «Аспара» шекара бекетінде болған. Күдіктілер 13 бас асыл тұқымды ірі қараны Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбекші болады. Бұл істі ың-шыңсыз жүзеге асыру үшін шекара қызметкерімен алдын-ала сөз байласқан. Жас лейтенант тиісті орындарға арызданады. Құрықталғандардың екеуі шекара қызметкеріне пара жеткізуші болса, төртеуі - мал айдаушылар. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары, - деді Арман Рахимов.

Арман Рахимов, ҚР СЖҚІҚ Ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары:

Пара берушілер әр ірі қара малдың басы үшін 3 мың теңгеден, яғни 13 сиыр малы үшін 39 мың теңге пара беру барысында құрықталған. Оларға пара көлемінен 40 есе айыппұл немесе 7 жылдан 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.