Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрылысы аяқталмаған нысандарды студенттерге жатақхана ретінде пайдалану қарастырылады

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2018
  • 2614

Құрылысы аяқталмаған нысандарды студенттерге жатақхана ретінде пайдалану қарастырылады. Бұл туралы "Мемлекеттік жеке меншік әріптестігі орталығында" өткен жиында  мәлім болды. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының 3-ші бағыты бойынша жастарға арналған жатақханаларды көбейту мақсаты қойылған. Яғни 2022 жылға 75 мың студент жатын орынмен қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған байланысты өткен талқылау шарасына  білім министрлігі мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері келді. Сондай-ақ кәсіпкерлер де бұл бастамадан шет қалмады. Орталық өкілдерінің мәліметіне сай, қазір елдегі жоғарғы оқу орындарында 500 мыңдай студент білім алып жатыр. Оның 200 мыңнан астамы - шалғай аймақтардан келген жастар. 75 мыңға тарта студент жатаханаға орналаса алмай жүрген көрінеді.

Талғат Матаев, «Мемлекеттік жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Дайын ғимараттар дайын мүліктер республикамызда. Банкілерде қанашама мүліктер бар. Мына бизнесмендерімізде пайдаланбай отырған мүліктер бар. Салынып болмай жатқан сауда орталықтар, осылардың барлығын осы жатақханаларға пайдалануға болады.

Жиында қызылордалық құрылыс компаниясының өкілі жер аумағы 3 гектарды алатын құрылысы бітпеген 9 қабатты нысанды жатақхана ретінде пайдалану туралы ойын білдірді. Мемлекет келісім берген жағдайда, құрылысты тез арада аяқтап, мыңнан астам қызылордалық студентті инфрақұрылымы дайын орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар екенін айтып отыр.

Сайран Әбдірасылов, құрылыс компаниясының басшысы:

Общежитие жөнінде біздер құрылысшыларға өте тиімді. Біздерде салып қойған ғимараттар бар қазір. Соларды реконструкция жастап, жатақхана жасауға біздің мүмкіндігіміз бар.