Қашаған кен орнында сәуірдің екінші жартысынан бастап тәулігіне 300 мың баррель мұнай өндіріледі. Бұл туралы үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында энергетика вице-министрі мәлімдеді. Ірі кен орнында айтарлықтай мәселе жоқ. Алайда, «Д» бөлімінде бірнеше ұңғыма тоқтатылған. Технологиялық тұрғыда жағдайды реттеу үшін мұнай өндірісін тәулігіне 200 мың баррельге дейін азайту туралы шешім қабылданған. Қазір Қарашығанақ жобасы бойынша келіссөздер жүріп жатқан көрінеді. Осыған дейін министр Қанат Бозымбаев наурызда аяқталуы тиіс екенін айтқан. Алайда, вице-министрдің мәліметінше, келіссөздер мамыр-маусым айларына дейін жалғасады
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:
Осы уақыт жеткілікті болады деп есептеймін. Жобаға келсек, қазір 4-ші МӨЗ-ын қаржыландыру мәселелері қаралып жатыр. Талқылау әлі бірнеше айға созылады.
Министрлік өкілі зауыт құрылысын америкалық Шеврон компаниясы қаржыландыруы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Алайда, нақты жауап тек жыл соңында мәлім болады. Қазір жоба толықтай зерттелу үстінде. Алдымен техникалық-қуаттылығын, қай жерде салынатынын анықтап алған жөн. Содан кейін ғана инвесторлармен келіссөздерді күшейтуге болады деді ол.