Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтаулық полицейлер браконьерлерден 2 тонна бекіре тұқымдас балық тәркіледі

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2018
  • 2211

Ақтаулық полицейлер «Бекіре - 2018» акциясы аясында браконьерлерден 2 тонна бағалы балық тәркіледі. Балықтың ең көп мөлшері Газель автокөлігінен табылды - 1 тоннадан асады. Мемлекетке келген шығын 5 млн теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары барлық дерекке қатысты 339 баппен қылмыстық іс қозғады. Бұл - сирек және пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау бабы. Ұсталғандардың әрқайсысы 7 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Немесе түзету жұмыстарына тартылады. Егер оны орындамаса, 3 жылға дейін бостандығын шектеу жазасы тағайындалады. 

Әйгерім Ибатоллаева, Маңғыстау облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Ұсталған  күдіктілерден қаладан шықпау туралы және тиісті тәртібі бойынша қолхат алынды. Іс Маңғыстау облыстық ІІД тергеу басқармасына жіберілді.