Русский Сайттың толық нұсқасы

«Біздің ортақ ісіміз үшін!» деп ұрандаған коммунистер Көкшетауда форум өткізді

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2016
  • 1720

«Біздің ортақ ісіміз үшін!» Осылай деп ұрандаған коммунистер Көкшетауда аймақтық форум өткізді. Жиынға  партия белсенділерінен бөлек, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Владислав Косарев пен Тұрғын Сыздықов қатысты.

Коммунистердің сайлауалды бағдарламасы коммунистік идеологияны дамытуға және қазақстандық патриотизмді күшейтуге бағытталған. Партия көшбасшылары өмір сапасын арттыру бойынша елдегі оң өзгерістерді құптайды. Әрі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтау идеологиясы тұрғысынан мемлекеттің сенімді серіктесі болып қала бермек.

Владислав Косарев, ҚКХП ОК саяси бюросының мүшесі:

Бастауыш партия ұйымдарымен болған жиын өте тартымды өтті. Қалалық және аудандық бастауыш партия ұйымдарының дамуына көңіл бөлеміз. Партияның идеясын шалғайдағы әрбір ауылға жеткізуге тырысамыз. Сондықтан бастауыш партия ұйымдарының алдында партия ұстанымдарын сайлаушыға жеткізу міндеті тұр. 

Тұрғын Сыздықов, ҚКХП ОК хатшысы:

Ақша табуды көздеу, өкінішке орай, адал еңбекпен табылған мал-мүліктен артық тұрған жайы бар. Сондықтан біздің сайлауалды бағдарламамыз еңбек адамының қоғамдағы абыройын арттыруды көздейді. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ