Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ақ жол» партиясы зауыт қызметкерлерінен қолдау сұрады

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2016
  • 1803

«Ақ жол» партиясы да сайлауалды үгіт-насихат жұмысын қарқынды жүргізуде. Бүгін Талдықорғандағы аккумулятор шығаратын зауытта болған партия белсенділері ондағы қызметкерлермен жүздесті. Зауыттың қазіргі жағдайымен де танысып шықты. Партия төрағасы Азат Перуашев мұндай кәсіпорындарға салынатын салықты қайта қарау қажеттігін түсіндірді. Бұл мәселе партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Кездесу соңында өңірге арнайы келген «Ақ жол» партиясының мүшелері кәсіпорын жұмысына табыс тіледі. Алдағы сайлауда өздерін қолдауды сұрады.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

Бүкіл дүние қазір дағдарыстан қорқып, жұмысшыларды қысқартып, тапқан табысын азайтып жүрсе, мына завод, керісінше, 2 есе көп табыс алып отыр. Жұмысшыларына биылдың басынан бастап жалақысын көтерді. Тағы да өндірісті кеңейтейін деп отыр. Біздің ойымызша, дәл осындай заманауи, заманауи технологиясы бар, заманауи инновациялары бар компанияларды біз қолдауымыз керек.

Қазыбек Иса, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары:

Біздің басты мақсатымыздың бірі - шет елге кеткен миллиардтаған қаржыны өзіміздің экономикамызға құйып, ол экономика арқылы әрбір жұмысшыға нәпақа тауып беру. «Ақ жол» партиясының басты міндеті сол - еңбеккерлерді қолдау. Осы біздің басты бағытымыз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА