Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде рубльге сұраныс артты

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2018
  • 2591

Елде рубльге сұраныс артты. Ресей ақшасын сатып алушылардың көбейгені былтырғы жылдың қазан айынан бері байқалады. Ранкинг кз ақпаратына сүйенсек, сұраныс ай сайын артып отыр.

Қаңтарда ақша айырбастау бекеттері 44,4 миллиард теңгеге рубль сатқан. Ақпанда таза сатылым өткен айға қарағанда 36,6 пайызға өсті. Таза сатылымы 60,7 миллиард теңгеге жетті. Рубльге сұраныс Ресеймен шектесетін аймақтарда байқалып отыр. Ақпанда Батыс Қазақстанда 7 миллиард теңгеге, Шығыста 6,5 миллиард теңгеге және Алматыда 5,8 миллиард теңгеге рубль сатылған. Сарапшылар ресейлік рубльге деген сұраныс қазақстандықтардың ақша аударымдары арқылы жанама түрде қадағалана алатындығын түсіндірді. Ақпан айында Ресей рубліндегі операциялар үлесі шетелге жіберілген ақша сомасының 38%-ын құрады.