Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ пен сауда-саттық бойынша келісімге келу мүмкін емес - ҚХР СІМ

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2018
  • 3140

"АҚШ-пен сауда-саттық бойынша келісімге келу мүмкін емес". Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі осылай деп мәлімдеді. Өткен жексенбіде Дональд Трамп "Қытай кедергілерді жояды, сол кезде тараптар келісімге келе алады" деп мәлімдеген. Алайда, Бейжің алған бетінен қайтпайтынын ашық айтты. Аспан асты елінің коммерция министрлігі "сауда соғысын қаламаймыз, алайда Америкадан қорықпаймыз" деп хабарлады.

Гэн Шуан, ҚХР СІМ ресми өкілі: 

Қазіргі жағдайда екі тараптың да сауда-саттық бойынша қандай да бір келісім жасасуы мүмкін емес. Қытай мен АҚШ арасындағы текетірес Құрама Штаттардың арандатуымен пайда болды. Жауапкершілік те соларда. Америка санкция салатынын айтып қорқытады, артынша келісімге келуге дайын екенін хабарлайды. Бұл әрекетін мүлде түсінбедік. 

Еске салайық, өткен аптада АҚШ Қытай тауарларына қосымша салық салатынын ескертті. Оның мөлшері кемінде 100 милиард долларды құрайды. Екі алпауыт арасындағы текетіреске Дональд Трамптың Қытайдан келетін шойын темір мен алюминий импортына салықты 25 пайызға көтеруі себеп болған. Артынша Бейжің де Америкадан жеткізілетін құны 3 млрд доллар болатын тауарға баж салығын арттырды. Сондай-ақ АҚШ-тың әрекетіне орай Дүниежүзілік сауда ұйымына шағымданды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА