Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бірлік» партиясының өкілдері суретшілермен кездесті

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2016
  • 1847

Ал экологиялық проблемаларды сайлауалды тұғырнамасының өзегіне айналдырған «Бірлік» саяси партиясы алматылық қылқалам шеберлерімен кездесті. Мақсат - түсі кетіп, тозығы жеткен киім-кешекке бояумен сурет салып, қайта жаңғырту арқылы адамзаттың экологиялық апаттарды шеше алатынын көрсету. Шеберлік дәрісінде партиялықтар қызықты ермекпен қатар, өздерінің саяси бағдарламаларын таныстырды. «Бірлік» партиясының мүшелері экологиялық проблемарды шешу жолында жастарға үлкен үміт артады.

Кристина Депутатова, Алматы көркем сурет училищесінің оқытушысы, «Бірлік» партиясы мүшесі:

Біз өңі кеткен киім-кешектерге сурет салып, жаңартуға болатынын көрсетіп отырмыз. Сондай-ақ,  экологиялық тұрғыда таза қолдорбаларды да сәндеп, күнделікті өмірде қолдануды насихаттадық. Қатысушыларға  экологияны ластамау керектігін жеткізуге тырыстық.

Диана Ахметқалиева, шеберлік дәрісіне қатысушы:

Мен дәрістен ерекше әсер алдым. Осы шарадан кейін табиғатты ластамай, қаланы тазарту жұмыстарына атсалысамын. Және өзімнің қатарластарымды да осы іске шақырамын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ