Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарыағаш қаласының тұрғынына іздеу жарияланды

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2018
  • 5902

Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағаш қаласының тұрғынына іздеу жарияланды. Ол көрші ауылдың 1991 жылғы тұрғынын атып тастады деген күдікке іліккен. Бұл ақпаратты бүгін Ішкі істер министрлігінің өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында жергілікті тұрғын өзара келіспей қалып, көрші ауылдың тұрғынына оқ атқан. Оқ жарақатынан жәбірленуші ауруханада қайтыс болды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасаған күдіктінің кім екені анықталып, оған іздеу жарияланды.

Қазір күдіктіні қолға түсіру шаралары қолға алынған. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталыпты. Айта кетейік, бұл Сарыағаш ауданында соңғы бір аптада тіркелген екінші қылмыс. 4-ші сәуір күні Абай ауылында да атыс болды. Осы жәйтке қатысы бар деген күдікпен қазір Абай ауылының үш тұрғыны ұсталған, деді облыстық ІІД баспасөз қызметі. Адам өлтіруге оқталу және бұзақылық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, денесінің бірнеше жерінен жарақат алған екі адам әлі ауруханада жатыр.

Ғалымжан Берданов, ОҚО Абай аудандық ауруханасы жарақат бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы:

Келген кезде жағдайы өте ауыр болды. Сондықтан жансақтау бөліміне жатқызылды. Диагнозы - бас миының енген ашық жарақаты. Бас аймағының дене, қол-аяқтардың бытыралы жарақаты, оқ-дәрі бытыра жарақаты. Дәл қазіргі жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Осы науқасқа облыстан санавиация желісі бойынша бірнеше рет нейрохирург мамандар келіп көріп, еміне тактикасы келісілді олармен.