Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңіріндегі су басу қаупі бар елді мекендер жіті бақылауға алынды

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2018
  • 2683

Тобыл өңіріндегі жүзге жуық елді мекенді су басу қаупі бар. Аймақтағы төтенше жағдайлар департаменті осындай ақпарат таратты. Қазір тиісті мекемелер аумақты тәулік бойы кезекшілікпен күзетіп, қар суына қарсы тосқауыл шараларын күшейткен.

Мына түсірілімді Аменгелді ауданы Үрпек елді мекенінің тұрғыны әлеуметтік желі арқылы таратқан. Алқаптан келген қар суы ауыл іргесіне жақындаған. Қызыл судан үйлер мен қоралар аман. Сарыкөл мен Жітіқара аудандары да мамандардың жіті бақылауын алынған. Департаменттің дерегінше, наурыздың 24-нен бастап тасқынға қарсы штаб құрылған. Ал тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіле басталған.

Абат Әбілов, «Қазсушар» РМК Қостанай облыстық филиалы директорының орынбасары:

Болжам бойынша келіп жатқан судың көлеміне қарап, біздің су қоймалар бойынша сол көпжылдық нормадан төменірек деген ұйғарымда отырмыз. Екі негізгі көпжылдық су реттейтін су қоймаларының бірі - Қаратомар - бүгінгі күні 63 пайызға ғана су толтырлған. Қалғанын күтіп отырмыз.