Русский Сайттың толық нұсқасы

ЖСДП өкілдері сайлауалды бағдарламасын таныстыруды жалғастыруда

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2016
  • 1527

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл жолы партия белсенділері саяси тұғырнамадағы негізгі тұжырымдар мен сайлауалды бағдарламасын қалам ұстаған тілшілер қауымына таныстырды.

Негізгі бағыт ретінде жергілікті өзін-өзі басқару, білім беру, шағын және орта бизнесті дамыту сынды тақырыптарға тоқталды. Сондай-ақ сайлауалды дода кезіндегі жоспарларымен бөлісті. Үгіт-насихат кампаниясы кезінде еңбек ұжымдарымен және  ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізу жоспарын айтты. Елдің әр аймағында үгіт-насихат жұмыстарын іске асыратын топтар құрылған. Партия мүшелері өздеріне берілген мүмкіндікті барынша тиімді пайдаланып, сайлауалды бағдарламаларын жұртшылыққа түсіндірмек.

Максим Андрюшин, ЖСДП төралқа мүшесі:

Негізгі іс шара партияның кешегі Алматы қалалық филиалында өткен кездесуінен басталғанын айтқым келеді. Біздің кездесулеріміз әзірге Алматыда өтуде, соның бірі - бүгінгі баспасөз мәлихаты. Бұдан кейін сайлауалды науқан жұмыстары өзге де өңірлерде өткізіледі. Ертең біздің үгіт-насихат шаралары Қарағанды мен Қостанай қалаларында өтпек. Мұнан соң шығыс пен солтүстік өңірлерде жалғасады. Облыс орталықтарынан кейін елді мекендерге ойысамыз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА