Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Президенті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2018
  • 3614

Қазақстанда төрт елдің елшісі ауысты. Бүгін су жаңа дипломаттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Рәсімге Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан және Италияның жаңадан тағайындалған елшілері қатысты. Мемлекет басшысы оларды Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтады. Елшілердің қызметі мемлекетаралық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікті халықаралық құқық негізінде нығайтуды көздейтін іс-әрекеттерді қолдаймыз. Бұған Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқарып келе жатқан қызметі дәлел. Қазақстан халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселер мен шиеленістерді шешуге өз үлесін қосып келе жатқанын баршаларыңыз білесіздер.