Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы 3 жылда кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтірудің мыңға жуық фактісі тіркелген

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2018
  • 2754

Соңғы 3 жылда кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіру мен қысым көрсетудің бір мыңға жуық фактісі тіркелген. Бұл туралы "Қазақстандағы инвестициялық климат" тақырыбындағы бизнес форумда айтылды. Мамандар сөзінше, проблема әсіресе кеден, салық және жер қатынастары салаларында көп кездесетін көрінеді. Келеңсіздікті жою мақсатында инвестициялар және даму министрлігі, сыртқы істер министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «жобалық офис» құру бойынша меморандумға қол қойды. Мақсат - потенциалды инвесторларға барынша қолдау көрсету.

Салауат Муксимов, ҚР СЖҚІҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры:

Күнделікті қызметіне заңсыз араласу, ең басты проблема осында. Сондықтан осыған байланысты 900-ден астам факт тіркеліп, 3 жыл ішінде, тиісті адамдар жауапкершілікке тартылып, 500 кәсіпкердің құқығы қорғалып отыр.