Шығыс
Қазақстанда тасқыннан кейінгі қайта қалпына келтіру жалғасуда. Комиссия су
алған үйлердегі жөндеу жұмыстарының сапасын қарап шықты. Прогресс ауылында 20
баспананы су шайған. Келген шығын есептелуде. Кей баспаналарға ішкі жөндеу
жұмыстарын жүргізуге кедергі көп. Қабырғалар әлі кеппеген.
Аймақ басшысы
жағдайда көзбен көрді. Судың беті қайтып, қауіптен арылған ауылдарда үйлерді
қазірден бастап жөндеу керек дейді. Ол үшін қосымша қаражат керек. Ауыл
тұрғындары құрылыс бригадаларын жалдай алмайды. Салдарынан жөндеу жұмыстары
ұзаққа созылуы мүмкін, - дейді әкім. Үйлердің көбі сақтандырылмаған. 40 жыл
бұрын саманнан салынған баспаналарға сақтандыру компаниялары тіпті мән
бермейді,- дейді жұрт.