Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ күресінде «Халық барысы» деген жаңа жоба пайда болады

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2018
  • 2618

Қазақ күресінде «Халық барысы» деген жаңа жоба пайда болады. Мамыр айының басында Алматы қаласында жаңарған жоба аясында алғашқы республикалық турнир өтеді деп күтіліп отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.

Мұнда салмақ категориясы жоқ, сол себепті 18 бен 50 жас аралығындағы кез-келген адам қатыса алады. Бұл қазіргі заманғы ұлттық күрестің жаңа түрі болса керек. Десе де "белдесу" халыққа жақсы таныс. Спорттың бұл түрінде жамбасқа салып, қырқа шалу әдістері де шет қалмайды. Бұл ұлттық спортты қарапайым адамдар арасында да жаппай насихаттауға сеп болмақ. 

Арман Шораев, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы:

Жеңген адам «Халық барысы» деген атаққа ие болады. Одан бөлек қомақты соманы қалтаға басады. Бұл шамамен бір 20 млн теңге.