Шет тілдерін балаға мәжбүрлеп оқыту керек. Өскенде рахмет айтады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ата-аналарға осындай кеңес берді. Бүгін Астанда қазақ тіліне аударылған әлемдік 18 бестселлердің тұсаукесері өтті. 100 оқулық аудару туралы "Рухани жаңғыру" бағдарламасында айтылған. Ғылыми-интеллектуалдық кітаптар түпнұсқадан қазақшаға аударылып, жоғары оқу орындарына тегін таратылады. Жыл соңына дейін 30 еңбекті аудару көзделген. Бүгінгі тұсаукесерге Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.
Бүгін "Рухани жаңғыру" мақаласының жария болғанына тура бір жыл. Тапсырманың бірі -таңдаулы 100 оқулықты қазақшаға аудару болатын. Ол үшін әлемнің 42 елінде 34 тілде басылған жалпы таралымы 47 млн-ға жеткен 18 бестселлер іріктелген. Бұл ғалымдар білім беруге ең қажетті құрал ретінде таңдаған үздік теориялар топтамасы.
Гарвард университетінің профессоры, танымал макроэкономист Грегори Мэнкьюдің «Экономикс» атты еңбегі экономикалық теория, идеялар мен құбылыстарды мейлінше қарапайым әрі ұғынықты жеткізетін оқулық ретінде танылып, әлемнің 25 тіліне аударылған.
Мұндай құнды ғылыми еңбекті аударып, басып шығаруға 500 мыңнан 3 млн долларға дейін жұмсалады. Грегери Мэнкьюдің "Экономимксін" Америкада студенттер 280 долларға сатып алып оқиды. Бізде биыл жаңа оқу жылынан әр кітап 10 мың данамен оқу орындарына тегін таратылады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Олардың көбін қазақ баласы өз тілінде еш уақытта оқымаған. Оқыса, бірен-саран жастар "Болашақ" арқылы өздері барған мыңдаған долар төлеп оқыған шығар. Оксфордта, Гарвард, Кембридже берген білімді жастар Қазақстанның әрбір өңірінде оқитын болады.
100 кітап аудару үшін былтыр арнайы Ұлттық аударма бюросы құрылған. Оған елдегі ғалымдар мен аудармашылар тартылған. Бүгінде 200-дей адам еңбек етеді. Кітап авторларымен де кездесу өткізген. "Философияның таңдаулы 25 кітабы" атты еңбектің авторы француз Реми Хесс Қазақстанға келіп кеткен.
Айымжан Рыскеева, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі:
"Рухани жаңғыру" француз әріптесімді таңқалдырды. Оның біздің елге тәнті болғаны соншалық, Қазақстанның заманауи мәдениеті мен ұлы Абай хақында кітап жазуға бел буды. Тіпті Астанда жүргенде 20 бетін жазып бізге қалдырып кетті.
Авторлық құқық алу да оңай емес көрінеді. Бір кітап 100 мың долларға дейін барады. Кәсіпкерлік, менеджмент сияқты кітаптар, бизнеске, ел басқаруға бейімі бар жастарға әліппе іспетті, - дейді президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мәселенің бәрі менеджментте жатыр. Біз жекешелендіруді не үшін бастадық? Себебі мемлекет жақсы менеджер емес, басқара алмайды. Ал мемлекеттік қаражат болғаннан кейін, менікі де емес, оныкі де емес. Содан жемқорлық та, ұрлау да шығады. Егер өндіріс менікі болса, онда мен оны пайдалы қылуға, табыс табуға, өзімді өсіруге тырысамын ғой. Сондықтан менеджмент - қазір өте керек нәрсе.
Алғашқы 18 оқулықтың глоссарийлері негізінде 3 мыңнан астам ғылыми терминдер мен ұғымдар жиналды. Бұл қазақы қолданысқа енетін тың терминдер. Түсіндірме сөздік ретінде жеке басылып шығады. Төрткүл дүниеге ортақ түсініктерді аударуға Президент қарсы. Оны бұрын да айтатын.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мысалы, балмұздақ деген өте керемет аударылған. Ғылыми терминдерді аударамыз десек, құртамыз. Дүниежүзі қолданатын терминдер қазақ тіліне енсе, ол тілімізді байытады.
Ал, білімге, ғылымға, тіл үйренуге асқан табандылық қажет. Тіпті баланы мәжбүрлеп баулу қажет дейді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
"Шопенгауэр, величайший философ, пишет в своей биографии, как отец его голодным три дня держал, чтобы он выучил, что ему положено. Также и композиторов родители учили. Наверное, тогда им это не нравилось, но потом все благодарят, когда повзрослеют.
18 кітапты онлайн нұсқада 100 кітап веб-сайтынан оқуға болады.
«100 жаңа кітап» жобасы аясында аударылған ғалымдар еңбегінің тұсаукесерінің толық нұсқасын бүгін "Астана" арнасынан 21.30-да көре аласыздар.