Русский Сайттың толық нұсқасы

Инвесторлар үшін теңгенің қазіргі жағдайы 2-3 есеге тиімді - Н. Радостовец

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2018
  • 2817

Теңгенің долларға шаққандағы құлдырауы инвесторлар үшін әлдеқайда тиімді болуы мүмкін. Егер өнім мен жұмыс күші арзандап жатса, бұл инвесторларды тартуға нағыз мүмкіндік. Бұл туралы "Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары" одағының президенті Николай Радостовец айтты. Оның сөзінше, санкция тікелей Қазақстанға салынған жоқ, сондықтан біздің ел инвесторлар үшін электр энергиясы, көмір, өзгеде тауарлар мен білікті жұмыс күші бар тиімді алаңға айналмақ. Десе де маман Ресейге тауар таситын қазақстандық экспортерлар өзге де нарықтарды қарай бастаса, ұтылмайтынын айтты. 

Николай Радостовец, "Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының" президенті:

Экспорттаушылар үшін алдымен ондағы кәсіпорындарда бұрынғы көлемді сақтап қалу маңызды. Мысалы, «Русал» біздің өнімді сатып алып, алюминийді сатып келген. Енді, актив құлдыраса, кәсіпорын банкрот болады деп кім айтты?  Әзірге бұлай кесіп айтуға болмайды. Себебі осы жағдайға орай жалпы нарықта алюминий бағасы 7%-ға өсті. Десе де қазақстандық экспорттаушыларға өнім таситын басқа нарық қарау керектігін де жоққа шығармаймыз.