Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында ғарышты бағындырған әйелдер жайлы көрме өтті

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2018
  • 3489

Ғарыш адамзатқа қолжетімді болғалы 60-тан астам әйел ұышп барып келген. Бүгін олардың ғылымға қосқан жаңалығы Теміртаудағы тарихи- өлкетану мұражайында ашылған көрмеге арқау болды. Айжан Қуаш баяндайды.

Айжан Қуаш, тілші:

«Бұл - тұңғыш ғарышкер әйел Валентина Терешкова. Ауылдан шыққан қарапайым қыз осыдан 55 жыл бұрын еш қорықпастан, мынадай зымыранға отырып, сол кездің өзінде толық зерттелмеген бейтаныс әлемге аттанды. Бұдан кейін дүниежүзі әйелдердің ғарышты да бағындыра алатынын толық мойындады».

26 жастағы Валентина Терешкованың жер жүзін дүр сілкіндірген батылдығынан кейін, көк аспан мен тұңғиық ғарышты бағындырғысы келетін қыз- келіншектердің қатыр көбейіпті. Олар ашық ғарыш айлағына шығып қана қоймай, ғылыми сынақтар да жасап көрген. Ғарышкердің әуеде жүргізген сынақтарының нәтижесінде бүгінде ғаламторға да қол жетті. Жылуды ұзақ сақтайтын қағаз, таба, нығыздалған тағамдар, киімнің сырғымасы, жел өткізбейтін мата, модем, ультрадыбыстық зерттеу қондырғылары ойлап табылды. Кейін бұл жаңалықтар күнделікті қолданысқа енген. 

Светлана Трещева, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері:

Ғарыштың маңызы зор. Неге адамзат баласы, тіпті әйелдер тәуекелге барады? Бұл жай емес, үлкен ғылыми жұмыс. Сынақтар өткізу арқылы қандай бір апаттың алдын алуға болады. Ал, әйелдер осы мақсаттағы зерттеулерді жасады.

Мұражай қызметкерлері адамзат тарихындағы ғарышқа саяхат жасаған 60-тан астам ғарышкер әйел жайлы ақпарат жинаған. Көбі - америкалықтар. Олардың алтауы 1 емес, 5 рет барып қайтқан. Ал, соңғы рет ғарышқа 2014 жылы ресейлік Елена Серова ұшқан.

Данил Чайкин, көрермен:

Меніңше, ғарыш әйелдерден гөрі еркектерге жарасатын сияқты. Әйелдер әлсіздеу, әрі жүйкелері жұқарады.

Алина Малафеева, көрермен:

Әйелдер, керісінше, төзімді, әрі салмақтары аздау. Сондықтан әуе кемесіне көбірек тамақ алуға болады. Оның үстіне ерлерден анағұрлым сүйкімді.

Ғарышкерлер жүргізген сынақтар жылдар бойы зерттеледі. Сондықтан ғылыми жұмыстардың нәтижесі болмай, ол туралы ақпараттар жариялана бермейді. 

Айжан Қуаш