Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасына алынған лизингтік несиелердің мөлшерлемесі 10 пайызға дейін түсуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2018
  • 2899

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту көрсеткіші жыл сайын азайып барады. Оған себеп - несиенің қолжетімді болмауы. Бұл туралы аймақтағы кәсіпкерлері "Атамекен" ұлттық кəсіпкерлер палатасының өкілдерімен өткен жиында айтты.

Облыс əкімінің дерегінше, бірнеше жыл бұрын парк 8-10 пайызға жаңғыртылса, бүгінде бұл сан 2 пайызды құраған. Бұл диқанды өлке үшін аздық етеді. Ал, былтыр аймақ диқандары комбайн мен трактордың небары 60 бірлігін ғана сатып алған. Палата өкілдері бұл проблемамен жіті айналысып жатқандарын жеткізді. Олар ауыл шаруашылығы техникасына алынған лизингтік несиелердің мөлшерлемесі 10 пайызға дейін түсуі мүмкін, деді.

Ербол Есенеев, "Атамекен" ҰКП агроөнеркəсіптік сектор жəне тамақ өнеркəсібі департаментінің басқарушы директоры:

Лизингтің субсидиясын 10 пайызға дейін, ал айналым қаражатына алынған несиені 5 пайызға дейін азайту жоспарда бар. Яғни шаруаның 18-20 пайызбен алынған несиесі субсидияланып, ақыр аяғында 10 пайызға дейін түседі. "Атамекен" ұлттық кəсіпкерлер палатасы бұл жобаны Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынбақ.