Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана көшелерінде бақылау дәлдігі жоғары 21 оптикалық радар іске қосылмақ

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2016
  • 1495

Астанада 25 ақпаннан бастап бақылау дәлдігі өте жоғары 21 оптикалық радар іске қосылады. Енді жылдамдықты шамадан тыс асырғандар шетінен айыппұлдың астында қалмақ.

Жаңа құрылғы «Вокорд-Циклоп» деп аталады. Техникалық жағынан суыққа өте төзімді әрі көлік жылдамдығын 150 метр қашықтықтан бақылайды. Әдеттегі радардан басты айырмасы - фотоаппарат тәрізді ескерту жарық белгісі жоқ. Сондықтан газды үдеткендер оны аңғармай қалуы мүмкін. Әзірге құрылғы Астана-Қорғалжын, Астана-Қарағанды тас жолында, Сығанақ пен Орынбор, Керей мен Жәнібек көшелерінің қиылысында, Тұран даңғылында орнатылған.

Нұржан Әділов, Астана қалалық ІІД ӘПБ бөлім бастығы:

Бұл жылдамдық тәртібін асыратын көліктерді анықтай бастайды. Ол көшелер бізде жол апаттық анализінің талдауы қорытындысы бойынша алынды. Сонымен қатар бұл «Вокорд» кешендері күнге-түнге қарамай, 98 пайыз жол бұзуышылықты анықтайды. 

Құралай ПИОНЕР