Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстанда малды Қытай асырып келген барымташылар ұсталды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2016
  • 3158

Шығыс Қазақстанда мал ұрлығымен айналысты деген күдікке ілінген топ құрықталды. Құйған ауылы әкімінің хабарлауынша, олардың 200-дей ірі қараны олжалағаны анықталды. Түн ішінде ауылға кірген қарақшылар, тұрғындар тосын дыбысты естіп, сыртқа шықпауы үшін, есікті сыртынан бекітіп, қорада тұрған төрт түлікті алдына салып, айдап әкете берген көрінеді.

Қорадағы қой-ешкі мен сиырды азсынған ұрылар жайлаудағы түлікке де ауыз салған. Олжасын Қытай асырып отырған. Қолға түскендердің екеуі Қарасу ауылының тұрғындары екені анықталды. Ал топтың басшысы мен екі сыбайласына іздеу салынған. Егер ұрлығы дәлелденсе, олар ірі көлемде айыппұл төлеп, 7 жылға бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін. 

Сәкен Малғаждаров, ШҚО Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округінің әкімі:

Бұл жігіт өзі бұрын ұрлықпен Совет Одағы кезінде бір отырып шыққан, одан кейін қойған болатын. 2014-ші жылы Қарасу ауылынан 5 бас мал ұрлап, оны арыз берушілердің кешірімімен іс тоқтатылған. Енді осы жолы январьдың ортасында қорасынан көп мал шығып, сол бойынша іс жүргізіліп жатыр.

Еркін КАРИН