Кәсіпқой боксшылар Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін. Халықаралық
әуесқой бокс қауымдастығы осындай бастама көтеріп отыр. Ұсыныс таяуда
Манчестерде өтетін жиында қаралуы тиіс. Егер қабылданса, кәсіпқой былғары қолғап
шеберлері 4 жылда бір өтетін сайыста бағын сынауға құқылы болмақ.
Тек өзіндік шарттармен. Мәселен, олимпиада ойынына қатысуға ниетті
боксшы "гонорары төленген 15 жекпе-жекті" өткерген болуы тиіс. Бірақ
сарапшылар ұсыныстың Риодағы ойындарға дейін қабылданарына күдікпен қарайды.
Себебі оны талқылау ұзаққа созылуы мүмкін.
Құралай ПИОНЕР