Астаналық студенттер жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемелмен кездесті. Танымдық-журналистік жұмыстар мен кітаптардың авторы, профессор жас буынға келелі әңгіме айтып, білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Ұлттық мұражайдағы жиында студенттер тарапынан ел мәдениеті, латын әліпбиіне көшу, үш тілділік саясаты төңірегінде сұрақтар қойылды. Қатысушылар үшін мұражайда экскурсия ұйымдастырылған. Қазақстан халқының қоғамдық сана-сезімін жаңғырту үшін мәдениет пен тарих туралы білудің маңыздылығы сөз болды.
Мырзагелді Кемел, профессор, қоғам қайраткері:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мемлекетшілдік көзқараспенен ілгері дамуға тиіс. Бүгін «Нұр Отан» жастар қанатынының азаматтары, белсенділері ұйымдастырып отырған шараға келіп отырған себебімізде сол. Бұл "Рухани жаңғыру" өмірдің өзі, мемлекет болсын, отбасы болсын, экономика және әлеуметтік саясат, руханият деп бөлінеді. Сол үшеуі бірге жүрмесе, ақсайды.
Диана
САПАРҚЫЗЫ