Оңтүстік Корея Корей түбегіндегі мәселені шешуде Қазақстанның қолдауын күтеді. Бүгін Астанада қазақстандық әріптесі Қайрат Әбдірахмановпен екіжақты кездесу өткізген Корея Сыртқы істер министрі Кан Гён Хва осылай деп мәлімдеді. Ол ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан Қазақстан Пхеньянға үлгі болуы тиіс деп санайды. Министр БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстан Сеулды қолдайтынына сенім білдірді. Тараптар денуклеризациядан бөлек ақпараттық технология және цифрландыру саласындағы әріптестікті талқылады.
Кан Гён Хва, Корея Республикасының сыртқы істер министрі:
Қазақстан ядролық қарудан
ерікті түрде бас тартып, бейбіт жолды таңдаған ел. Содан бері оның
қандай елге айналғанын көріп отырмыз. Пхеньянмен арадағы жағдай аясында
Қазақстанның тарихын бірнеше рет қайталап айтуға болады. Біз Солтүстік Кореяға
Қазақстан таңдаған жолды таңдауға сендіруге тырысып жатырмыз. Қазақстан
Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде бізді қолдайды деп сенеміз.