Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодақ АҚШ-тың баж салығына қатысты ДСҰ-на шағымданды

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2018
  • 3050

Қытайдан соң Еуроодақ Дүниежүзілік сауда ұйымына ресми түрде шағымданды. Олар америкалықтардың болат пен алюминий үшін баж салығын енгізуіне қарсы. Еуропалық Одақ елдері егер тариф енгізілетін болса, АҚШ тарапы төлеуі тиіс өтемақы жөнінде кеңес беруді талап етіп отыр. Еуропалық аймақ сарапшыларының пікірінше, Вашингтон баж салығын америкалық өндірісті қорғау үшін көбейткелі жатыр. Осылайша Еуроодақ Қытай секілді АҚШ-тың сауда саясатына көңілі толмай отыр.

Еске салайық, Қытай мен Америка өзара баж салығын көтерген. Миллиардтаған шығынға қарамастан, екі ел арасында нағыз сауда соғысы басталып кетті. Ал бүгін АҚШ билігі америкалық компаниялардың бағдарламалық қамту және басқа да өнімдерін қытайлық IT-алып ZTE-ге сатуға тыйым салды.