Русский Сайттың толық нұсқасы

"Нұр Отан" партиясында білім және ғылым министрі азаматтарды қабылдады

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2018
  • 2548

"Нұр Отан" партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Білім және ғылым министрі азаматтарды қабылдады. Шара барысында 11 адам бейнебайланыс арқылы Ерлан Сағадиевке  көкейдегі сұрақтарын қойды. Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары онлайн байланысқа шықты. Азаматтарды негізінен мұғалімдердің жалақысын көтеру мен білім беру жүйесін жетілдіру, ғылыми жобаларды қолдау және дамыту мәселелері толғандырады. Білім беру ұйымдары басшыларының іс-әрекетіне қатысты шағымданғандар да жоқ емес. Ал оңтүстікқазақстандық тұрғын елімізде мұражай саласын терең оқытуға көңіл бөлінбегенін алға тартты. Республикалық мектеп мұражайының алғашқы форуымын өткізу бойынша министрлік тарапынан қолдау болса деген ұсынысын жеткізді.

Артықбай Үсембай, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны:

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша толық қолдау бар. Тиісті қаржы бөлінді. Енді осы министрлік тарапынан көмек сұрап, соны жақсы бірлесіп өткізу жөнінде ұсыныстармен келіп отырмын.