Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының экс-басшысы Руслан Ерденаевқа сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2018
  • 3291

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының экс-басшысы Руслан Ерденаев 12 жылға бас бостандығынан айрылды. «Қор қаржысын талан- таражға салу және пара алу» бабымен айыпталған оған судья осындай үкім кесті. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тиым салды. Оның 5 сыбайласы да жазадан шет қалмады. Тек «Мегатрансазия» компаниясы директорының бұрынғы орынбасары Талғат Тұртаев рақымшылық заңымен сот залында босап шықты. 

Мартпек Кәкімжанов, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы:

Мемлекет қаржысына жауапсыз қарап, пара алған Руслан Ерденаев 12 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын қатаң режімдегі калонияда өтесін. Оның бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбеков 11 жыл,  департаментті басқарған Мұса Бахтовқа 7 жыл жаза берілсін. Сот Бақытжан Кенжебаевқа 8 жыл, Айзат Найзағаринге 7 жыл жаза кеседі. Талғат Тұртаевқа 1 жыл берілсін. Бірақ, рақымшылық жасалып, сот залынан босатылсын.

Еске салайық, Руслан Ерденаев пен оның сыбайластары зейнетақы қорынан 5 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған. 2016  жылдың желтоқсанында қордағы қаражат тексеруге алынып, артынша бірнеше адам күдікке ілініп, қамалған еді.