Жамбыл
облысында аса ірі көлемде героин тасымалдаған қылмыстық топ құрықталды. Оларды
тексеру кезінде 6 келі героин табылған. Сондай-ақ, үй ішінен жымысқы жолмен
келген 5 миллион теңге тәркіленген. Одан бөлек биыл ғана сатылымға шыққан су
жаңа «Киа Сорента» көлігі де тәркіленді.
Күдіктілердің
бесеуі Жамбыл жерінде ұсталса, біреуі Атырау облысында қолға түсіпті. Бір
қызығы, топ серкесі - 33 жастағы әйел адам. Ол бірнеше жылдар бойы көлеңкелі
кәсіппен күйеуі екеуі айналысып келген деген күдік бар. Олардың 3 баласы бар
екені белгілі болған. Құрықталғандар қатарында тағы бір ерлі-зайыпты жұп
ұсталды. Олар өз кінәларын толық мойындап, тергеу абақтысына жабылған.
Күдіктілер 10 жыл немесе өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.