Русский Сайттың толық нұсқасы

Ереванда наразылық шерулері барысында қолға түскендер саны 160 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2018
  • 2750

Армения астанасы Ереванда наразылық шерулері барысында қолға түскендер саны 160 адамға жетті.  Бұл елдің халқы бұрынғы президент Серж Саргсянның премьер-министр болып тағайындалуына қарсы. Олардың шеруі бір аптадан бері жалғасып жатыр. Наразылық акциясына шыққандардың басым көпшілігі студент жастар. Сарапшылардың пікірінше, алаңға шығушылар санының артуы, билікке деген сенімсіздіктің айқын көрінісі

Армян халқы жемқорлыққа, әділетсіз билік жүйесіне қарсы шығып отыр. Адамдар құр уәдеге әбден тойды. Тіпті Серж Саргсян есімі елдегі коррупцияның символы іспетті. Наразылық танытқандардың басым бөлігінің пікірі құқығы тапталып жатыр дегенге саяды. Олар Арменияны Серж Саргсян басқарған тұста елді жемқорлық жайлап, әлеуметтік жағдай нашарлап кетті деп есептейді. Ал, үкімет басшысы болса, конституцияның баптарын негізге ала отырып жаңа лауазымға ауыстым дегеннен танбайды.

Серж Саргсян, Арменияның премьер-министрі:

Үкіметтің жүйелік сатысын қалыптастыру енді басталды. Бұл ұзаққа созылмайды деп сенемін. Күн тәртібіндегі мәселені қарай келе, біз парламенттік жүйеге конституция негізінде ауыстық деп айта аламын. Барлығы заңға сай өткізілді.