Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде жиналатын қалдықтардың тек 9 проценті өңделеді

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2018
  • 2759

Елде жиналатын қалдықтардың тек 9 проценті өңделеді. Ал қоқыс төгілетін алаңдардың 16 пайызы ғана экологиялық санитарлық талаптарға сай. Бұл жайында Қостанайда өтіп жатқан «Қалдықтарды басқару» мәселелері жөніндегі жиында мәлім болды. Қазір Қазақстандағы екі облыста ғана қалдықты қайта өңдеу жұмысы көш ілгері. Атырауда бұл көрсеткіш 44 пайызды межелесе, Алматы облысында жиналған қалдықтың 24 пайызы кәдеге жаратылады. Қалған өңірлердің қарқыны төмен. Қостанай облысындағы кәсіпорындар тұрмыстық қалдықтың 1 пайызын ғана өңдеуге қауқарлы. Семинарда күл-қоқыс төгілетін жерлердің экологиялық, санитарлық талаптары да сын көтермейтіндігі айтылды. Тығырықтан шығу үшін Жасыл экономикаға көшу керек деді жиналғандар.

Гүлшира Әтемова, ҚР Энергетика министрлігі қалдықтарды басқару департаментінің басқарма басшысы:

Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамада белгіленген. Осы тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылы тұрмыстық қалдықтардың 40 пайызын кәдеге жарату қажет. Елуінші жылы бұл көрсеткіш 50 пайызды құрауы керек.