Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар жатақхана мәселесін талқылады

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2018
  • 2684

2022 жылға дейін 75 мың студентке арналған жатақханалар салу бойынша жаңа заң жобасы дайындалып жатыр. Құрылысқа кәсіпкерлер де ат салысады. Бұл туралы Алматыда өткен  «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» кеңесінің көшпелі отырысында айтылды.

Алдымен, депутаттар шаһардағы бірнеше жоғарғы оқу орнын аралап, ректорларымен жатақхана мәселесін  талқыға салды. Қазір елде 530 мыңдай студент білім алып жатыр, оның 204 мыңы ауылдардан келген. Алматыда 21 мың, Астанада 14 мың, Қарағанды қаласында  8 мың студент жатақханаға зәру. Ал жалпы сұраныс 77 мың кереуеттік орын. Елбасы тапсырмасымен  54 мың білім грантына алдағы оқу жылы қосымша 20 мың грант бөлінбек. «Мирас» кеңесінде жастардың жоғарғы білім алуға қолжетімділігі үшін олардың әділ бөлінуін ректорлар қадағалауы керек екені ескертілді.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан»  фракциясының мүшесі:

Студенттердің рухани дамуы, олардың білім жағдайы, елжандық қасиеттерін айтсақ. Бұл қалай десе де, тұрмыстық жағдаймен байланысты. Жатақхаан салынғанымен, олардың оқу залы, өзара қарым-қатынасы, әлеуметтік жағдайына жағдайды туындату керек.

Тапшылықты айтпағанда, қазіргі жатақханалардың өзінде студенттердің тұрмысы жақсы емес, дейді депутаттар. Қазақ қыздар педагогикалық университетіндегі жатақхана бөлмелерінде  ылғалы басым, жуынатын бөлме жоқ, өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Ал Қазақ Ұлттық Техникалық зерттеулер университетінде студенттер Кеңес заманынан бері жөндеу көрмеген ескі жатақханаларда тұруға мәжбүр.