Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана банкі депозиттерді қайтармай жатыр

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2018
  • 3550

Шымкентте Астана банкінің тұтынушылары соңғы бір аптадан бері депозиттегі ақшаларын ала алмай жүр. Мұндай қиындық жеке кәсіп иелерінің де қолын байлап тұр. Банк депозиттер беруді неге шектеді? Себебін әріптесім Айзада Төребекқызы анықтауға  тырысты.

Маған бір күнде ақшамды алып, өзімнің тірлігімді жасауым керек.

Шымкент қаласының тұрғыны Гүлнар Иманқұлова кешелі бері банктің табалдырығын тоздырып жүргенін айтады. Айтуынша, Астана банкінің бөлімшесіне осыдан бір ай бұрын 6 млн теңгесін депозитке салыпты. Енді ақшасын ала алмай жүргенін айтты.

Гүлнар Иманқұлова:

Мен қалаған кезімде бұлар ақшаны беруге құқылы маған. -Ал енді?- Енді отказ жасап отыр. «Подтверждение жоқ. Алматыдан головной офистан, мы ничего не решаем», осындай әңгімелер.  Ал маған нақты жауап керек. Банкрот болса, банкрот болғанын айту керек.

Жеке кәсіпкер Мұрат Шалабаев салымын алғысы келеді. Айтуынша, мекемелердің біріне жеткізіп берген тауары үшін оның есеп шотына 425 мың теңге 18 сәуірде аударылған. 

Мұрат Шалабаев, жеке кәсіпкер:

Четверг азанда бардым,  8.35 те осы жерде тұрмын. Содан бастап маған сағат 11- де ақшамды шығарып беремін, деді. Сол ақшамды әлі  четверг, пятница, бүгін понедельник, вторник уәде-уәде, әлі подтверждение бермей жатыр дейді. Не себеп екенін маған айтып жатқан жоқ, сөйтіп қайтарып жіберіп жатыр, өзіміз хабарласамыз деп.

Банк ресми сайттарында мұның уақытша шектеу екенін жариялады. Қаржылық құрылым өкілдері мәселені шешу үшін қазір борышкерлердің несиесін тездетіп өтеу бойынша жұмыс жүріп жатқанын жазбаша хабарлады.

«Банк ҚР Ұлттық Банкімен активтерді кепілге қойып, шұғыл заем берудің шарттары мен мүмкіндіктерін және Банк балансындағы мүлік пен қарыз портфельді ұсыну талаптарын талқылап жатыр. Есептеулерге сүйенсек, көрсетілген заемді алған жағдайда Банк бүкіл клиенттік төлемдер мен аударымдарды тез атқарып, қызметін жалғастыра алады. Сонымен қатар Банк басшылығы екінші деңгейдегі банктер мен мемлекеттік дамыту институттарымен қарыз алушыларды қайта қаржыландырып, ликвидті қаржыларды алу мақсатында келіссөздер жүргізуде.

Банк филиалының директоры 2-мамырдан бастап қиындықтың бәрі шешіледі деп сендірді. Заңды тұлғалардың қаржысы сол кезден бастап қайтарылады деп отыр. Ал оған дейін жеке тұлғаларға аптасына тек 1 млн теңгеден беріле тұрмақ.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Өткен аптада Президент елдегі үш банктің қызметін сынға алған болатын. Оның ішінде Астана банкі де бар. Мемлекет басшысы, қаржы институтының акционерлері оны тиімсіз басқарып отырғандықтан, көрсеткіштері көңіл көншітпейтінін айтқан еді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ