Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет "Нұрлы жер" бағдарламасын сақтап қалмақ

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2018
  • 2433

"7-20-25" бағдарламасы енгізілсе де, "Нұрлы жер" бағдарламасымен 10 пайыздық несие беру  сақталады. Үкімет қабырғасында журналистерге сұқбат берген Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деді.

Жеңіс Қасымбек,  ҚР Инвестициялар және даму министрі:

"Нұрлы жер" бағдарламасы әрі қарай да жұмыс істейтін болады, ол бағдарлама бойынша жалға берілетін пәтерлер, несиеге берілетін пәтерлер, басқа да жер бөлінетін болады. Бұл екі бағдарлама бір біріне кедергі жасамайды.

Айта кетейік, бұл бағдарлама бойынша жаңа салынған үйлерден пәтер алғандарға банктер 10 пайыздық несие береді. Айырмасын үкімет субсидиялайды. Қазақстан ипотекалық компаниясының мәліметінше, "Нұрлы жермен" үй алуға 2 689 өтініш түскен. Оның 2 621-і мақұлданған.