Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясында «Ауылдық елді мекендердің интернетке кең ауқымды қол жетімділігін қамтамасыз ету" тақырыбында жиын өтті

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2018
  • 3389

Кей ауылдарда әлі күнге дейін ұялы байланыс пен ғаламтор желісі жоқ. Ал енді бірінде интернеттің жылдамдығы тым нашар. Бұл туралы мәжіліс депутаттары айтты. "Нұр Отан" партиясы орталық аппаратында "Ауылдық елді мекендердің интернетке кең ауқымды қол жетімділігін қамтамасыз ету" тақырыбында жиын өтті. Бұл саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасындағы "Мемлекеттік қызмет көрсету" бағытын қамтиды. Басқосуда сөз алған Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өкілдерінің сөзінше, халқы аз қоныстанған ауылдарға кабель тарту байланыс операторларына экономикалық жағынан тиімсіз көрінеді. Ғаламтор бүгінде адамдардың ең маңызды тұрмыстық қажеттіліктері қатарында. Сондықтан, жұмыс тобының мүшелері оған қолжетімділікті арттыру аса маңызды деді.

Шаймардан Нұрымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Ауыл халқы сапалы интернеттің жоқтығынан электронды үкімет, банк қызметтері, білім мен денсаулық саласындағы қажеттіліктерге қол жеткізе алмайды.  Интернетке аса мұқтаж әлеуметік мекемелер - мектептер, емханалар, ауруханалар. Тіпті ауылдық округ жүйеге қосылмаған жерлер баршылық.