Русский Сайттың толық нұсқасы

Жасотандықтар оралдық оқушылардың мамандық таңдауына көмектесуде

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2018
  • 2690

Жасотан белсенділері оқушылардың мамандық таңдауына көмектесуде. «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында Оралдағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Агран» компаниясында ашық есік күні ұйымдастырылды. Зауыт құрылысқа қажет материалдар шығарады. Экскурсия кезінде оқушылар жұмыс процесімен танысты. Мұндағы қызу еңбек көңілдерінен шыққанын жеткізді. Түлектер болашақ мамандығының еңбек нарығында сұранысқа сай болғанына  мән береді. Оралда 200-дей кәсіпорын білікті маманға мұқтаж. Аспаз, кондитер, электрик, есепші және дәнекерлеушілерге сұраныс жоғары. Ауыл шаруашылығы саласында механизаторлар жетіспейді. Шараны ұйымдастырушылар болашақта мәселенің оң шешілеріне сенімді.

Әсем Меңдібаева, №14 орта мектеп оқушысы:

Осы «Агранға» келіп, қызығушылығым оянатынын түсіндім басқа да мамандықтарға. Бұл жерде мамандық тек қана бір мамандықпен шектелмеген. Мысалы, инженер, компьютер арқылы жасайтын адамдар көп.

Ерлік Шамғалиев, «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының консультанты:

Компьютерлік мамандықтардың да, техникалық мамандықтар, инженерия саласына көптеген жастардың қызығушылықтары артып отырғанын біздер кешегі «Жас Отанның» съезіндегі жастармен пікірлескенде де, жаңағы жастардың арасында сауалнама жүргізгенде де байқап біліп отырмыз. Яғни нәтиже болады деген ойдамыз.