Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл елде 90 мың түп ағаш отырғызылатын болады

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2018
  • 3751

Қазақстанда "90 мың ағаш" республикалық акциясы бастау алды. Яғни биыл елде осынша түп ағаш отырғызылады. Аталған шара аймақтарды көгалдандыру мақсатында қолға алынған. Бұл игілікті іске мемлекеттік қызметкерлер бастамашы болмақ.

Акция аталған салаға қарасты құрылымдардың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Бүгінде мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен қала  әкімдігінің өкілдері елорданың саябақтарына ағаш отырғызу ісін бастап та кетті. Бұдан бөлек агенттік қызметкерлері «10 игі іс» жобасын іске қоспақ. Мақсат - тұрғындарға көмек қолын созу. 

Саян Ахметжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚА аппарат басшысы:

Мемлекеттік қызметті өткеру, халықтың алдында ерекше сенім білдіргенінің негізі болады. Сол себептен мемлекеттік қызметшілеріміз тал егу, болашаққа көмектесу, өз қаласына, өз ауылына, өз өміріне пайда әкелу деп, бастап жатырмыз.