Русский Сайттың толық нұсқасы

ТҮҚЖБ 2016-2017 жылдары 21 мың пәтер салуды жоспарлап отыр

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2016
  • 1489

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» алдағы екі жылда 21 мың пәтерді қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Оның 14 мыңы Ұлттық қордан бөлінген қаржы есебінен әлеуметтік бағытта салынса, 7 мыңы жинақ қорының 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында тұрғызылады. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы мәлімдеді.

Ұлттық қордан құрылыс саласын қолдауға бөлінген 360 млрд теңгенің 149 миллиарды осы банктің үлесінде.  Қаржының 22 миллиардын салымшыларға несие ретінде беру көзделген. 127 млрд теңге «Бәйтерек» холдингі арқылы әлеуметтік баспана тұрғызуға жұмсалмақ. Ақша кезең-кезеңімен игеріліп, 10 жыл ішінде қорға қайтарылуы тиіс. Пәтер бағасы қолжетімді. Өңірлерде шаршы метрі - 180 мың, Алматы мен Астанада 200 мың теңгеден  есептелген.

Құралай ПИОНЕР